×
540.06
628.25
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.06
628.25
6.61

Қазақтар енді Катарда ресми түрде жұмыс істей алады

Қазақтар енді Катарда ресми түрде жұмыс істей алады
Ulysmedia

Қазақстан азаматтарына Катарда ресми еңбек етуге мүмкіндік беретін келісім күшіне енді. Бүгін Сенат Қазақстан мен Катар арасындағы еңбек миграциясы жөніндегі келісімді мақұлдады.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құжатқа сәйкес, катарлық жұмыс берушілер қазақстандық жұмысшылардың бару және қайту билеттерін, тұрғын үй мен көлік шығындарын, медициналық қызмет пен ақылы демалысын толық өз мойнына алады.

Еңбек қатынастары тек типтік еңбек шарты арқылы рәсімделеді. Екі ел арасындағы барлық ұйымдастыру және бақылау мәселелерін үйлестіру үшін бірлескен комитет құрылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министр Асқарбек Ертаевтың айтуынша, келісім іске қосылған соң Катарда қазақстандық мұнайшыларға, құрылыс және инженерлік сала мамандарына сұраныс артуы мүмкін.

-Бұл – азаматтарымыз үшін жаңа еңбек нарығының ашылуы. Екі ел де жұмысшылардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге мүдделі, – деді Ертаев.

Серіктес жаңалықтары