×
516.86
598.68
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.86
598.68
6.58

НАТО Ресейге қарсы оқ ату ережесін өзгертпек – жаңа соғыс қаупі ме

09.10.2025, 20:15
НАТО Ресейге қарсы оқ ату ережесін өзгертпек – жаңа соғыс қаупі ме
Ашық дереккөзден

НАТО елдері Ресейдің әуе кеңістігіндегі соңғы айларда жиілеген арандатушылық әрекеттеріне жауап қайтару жолдарын талқылап жатыр. Financial Times газетінің жазуынша, одақ мүшелері дұшпан дрондарына оқ атуға рұқсат берілетін жағдайларды жеңілдету мәселесін де күн тәртібіне енгізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

РЕСЕЙДІҢ "ГИБРИДТІК СОҒЫСЫНА" ЖАУАП ІЗДЕУ

FT дереккөздерінің хабарлауынша, НАТО Ресейдің әуе кеңістігін бұзу, дрон және жойғыш ұшақтар арқылы жасалған шабуыл әрекеттерінен кейін, Мәскеуге «гибридтік соғысы» үшін нақты баға беру амалдарын қарастыруда.Бастаманы Ресеймен шекаралас мемлекеттер көтерген. Оларды Франция мен Ұлыбритания қолдаған. Кейінірек бұл мәселе барлық альянс елдерінің талқылауына шыққан.

НАТО ҰСЫНЫП ОТЫРҒАН НЕГІЗГІ ШАРАЛАР

Одақ ішінде талқыланып жатқан негізгі ұсыныстардың бірі —

  • Ресей шекарасына қаруланған барлау дрондарын орналастыру;

  • Әуе патрульдері үшін ату ережелерін жеңілдету, яғни ұшқыштар қауіп төнген жағдайда қарсы әрекетке рұқсат алу рәсімін қысқарту;

  • Ресеймен шекаралас аймақтарда, әсіресе қорғанысы әлсіз өңірлерде ірі әскери жаттығулар өткізу.

ДРОНДАРДЫҢ ӘУЕ КЕҢІСТІГІН БҰЗУЫ – НЕГІЗГІ СЕБЕП

Соңғы айларда НАТО елдерінің әуе кеңістігіне белгісіз дрондардың бірнеше рет заңсыз енуі тіркелді.Бақылаушылардың пікірінше, олардың көбі Ресейге тиесілі болуы мүмкін. Бұл жағдай кейбір елдердің әуежайларында ұшу-қону жұмыстарының уақытша тоқтауына әкелген.

НАТО ІШІНДЕ ПІКІР ЕКІГЕ БӨЛІНДІ

Financial Times жазуынша, НАТО елдері екі түрлі ұстанымда:

  • Бір бөлігі Ресейге қарсы қатаң әрі агрессивті позицияны қолдаса,

  • Екіншілері ядролық қақтығыс қаупінен қауіптеніп, сақтық саясатты жөн көреді.

Бірқатар дипломаттар мәселе әлі бастапқы талқылау сатысында екенін атап өткен. Дереккөздер айтуынша, нақты шешім қабылданған жоқ және ережелер өзгерсе де, бұл туралы ресми түрде хабарланбауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары