×
540.06
628.25
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.06
628.25
6.61

Көңілдесін ұрған қала әкіміне үкім шықты

Бүгін, 20:45
Көңілдесін ұрған қала әкіміне үкім шықты
Әлеуметтік желіден

Кабинетте көңілдесін ұрған. Ақтөбе облысындағы қаласының әкіміне сот шешімі шықты. Енді жұдырығы жуан Қазыбек Аққайыр 300 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

БІР ЕМЕС, БІРНЕШЕ РЕТ ҰРҒАН

Ол сот отырысында жалғызбасты келіншекпен әмпай-жәмпай болғанын мойындады. Қандыағашқа әкім болғаннан кейін екеуі кездесіп жүріпті. Бірақ былтыр жаңа жылға бір апта қалғанда әкімдік кеңсесінде сөзге келіп қалған. Жәбірленушінің сөзінше, әкім оны мойнынан қылқындырып, бірнеше рет ұрған. Әйтсе де Қазбек Аққайыр мұндай қылыққа бармадым деп ат-тонын ала қашты.

Істі қараған Мұғалжар аудандық соты келіншектің денсаулығына жеңіл жарақат келтіріп, теріс қылық танытқаны үшін әкімді кінәлі деп тапты. Сот шешімімен шенеунік 314 мың 560 теңге айыппұл және жәбірленушіге моральдық зиян ретінде 100 мың теңге төлеуге міндеттелді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Халыққа аузына келгенін айтқан Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылдық округінің әкімі жазасын алған еді. 

ВИДЕО

Әлеуметтік желіде тараған видеода ауыл әкімі қабылдауға келген ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп, былапыт сөздер айтқанын көруге болады. Жиналыста ауыл тұрғындарынан бөлек полиция қызметкері де болған. 

Серіктес жаңалықтары