×
540.06
628.25
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.06
628.25
6.61

Қазақстандықтардың маңызды құжаты өзгеріске ұшырамақ

Бүгін, 21:15
Қазақстандықтардың маңызды құжаты өзгеріске ұшырамақ
Ulysmedia коллажы

2025 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорт дизайнын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ЖАҢА ПАСПОРТ ДИЗАЙНЫ ЖАСАЛУДА

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Карин қазіргі паспорт дизайны айналымда 17 жылдан бері қолданылып келе жатқанын еске салды. Оның айтуынша, жаңа дизайн енгізілгенімен, паспорт құны өзгермейді және құжаттарды жаппай ауыстыру жоспарланбайды: жаңа үлгідегі паспорттар тек жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда, бүлінгенде немесе азаматтың жеке қалауы бойынша беріледі.

ЦИТАТА

— Бұл жұмыста халықаралық стандарттар мен трендтер ескерілді: минималистік стиль, визалық беттердегі фондық бейнелер, жалған құжаттан қорғаудың жаңа элементтері. Қазақстанның бірегей ерекшеліктерін, ұлттық болмысын, мәдени әртүрлілігін және көрікті жерлерін бейнелейтін жаңа дизайн тұжырымдамасы дайындалды. Жаңа паспорт дизайны жақын арада таныстырылады, — деп Ерлан Қарин.

КОНТЕКСТ

Қазақстан паспорты 79 елге есік ашады. Бұл көрсеткіш Еуропа елдерінен және Ресейден (114 бағыт) төмен, бірақ Қытай (83), Үндістан (58) және Вьетнамнан (50) жоғары. Қазақстандық құжат жаһандық рейтингтің орта тұсында орналасқан.

Серіктес жаңалықтары