Өзбекстан билігі атом жобасы ұлттық сипатта болуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Стратегиялық нысан құрылысы бойынша дирекцияны басқаратын Абдужамил Калмуратовтың айтуынша, шағын АЭС салу — толықтай өзбекстандық жоба. Бұл мақсатқа ел бюджетінен 1 миллиард доллардан аз қаражат жұмсалмақ.
ЦИТАТА
Иә, бұл — мемлекеттік бюджет. Бұл — мемлекет салып жатқан нысан, яғни толықтай өзбекстандық жоба. Қаржыландыру көзі — өз бюджетиміз. Атом жобасы ұлттық болуы керек, — деді ол spot.uz сайтына берген сұхбатында.
КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙҒАН
2024 жылдың мамырында Өзбекстан мен Ресей Джизак облысында шағын қуатты атом электр станциясын (АЭСММ) салу туралы келісімшартқа қол қойған болатын.
БҰҒАН ДЕЙІН
2025 жылдың қараша-желтоқсан айларында Өзбекстанда АЭС құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтетіні белгілі болды.