×
541.54
629.16
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.54
629.16
6.64

Екібастұзда өрттен соң 6 адамның денесі табылды: мән-жай

Бүгін, 08:27
Екібастұзда өрттен соң 6 адамның денесі табылды: мән-жай
видео кадры

Павлодар облысында болған сұмдық өрт салдарынан алты адам қаза тапты. Бір ер адам ғана аман қалып, өртеніп жатқан үйден шығып үлгерген. Қазір ол көмірқышқыл газынан уланған күйде ауруханада жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

КТК телеарнасының мәліметінше, ферма аумағындағы өртті ертемен аңшылар байқап, құтқарушыларды шақырған. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, үйде жеті адам болған, олардың тек біреуі ғана аман қалған. 53 жастағы бақташы қазір ауруханада. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Мамандардың айтуынша, оқиға алдында жұмысшылар спирттік ішімдік ішкен.

Ферма иесінің сөзінше, өртенген үйде оның туыстары мен жұмысшылары тұрған.

– Онда әйелімнің әпкесі, оның ағасы мен күйеубаласы және үш жұмысшы тұрды. Олар малды бағуға көмектесіп жүрген. Бұл – сұмдық! Не болғанын, өрт неден шыққанын түсіне алар емеспін. Полиция анықтайды деп үміттенемін. Осы шаруашылықты өз қолыммен 16 жыл тұрғыздым, бар күшімді соған салдым. Биыл шатырды толық ауыстырған едім. Шөп те, жем де – бәрі жанып кетті, – дейді шаруа қожалығының иесі Сембай Өтеев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 9 қазанда Павлодар облысының Солнечный кентіндегі шаруа қожалықтарының бірінің аумағында өрт шығып, алты адам қаза тапқаны хабарланған еді

Серіктес жаңалықтары