Қазақстанның 14 облысында 11 қазанға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Атырау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі өте жоғары, солтүстік-шығысы мен батысында жоғары деңгейде сақталады. Атырауда оңтүстік-шығыстан соққан жел түнде 15-18 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары болып қалады.
Ұлытау облысының шығысында өрт қаупі жоғары, ал оңтүстігінде өте жоғары деңгейде сақталады.
Қызылорда облысында өрт қаупі өте жоғары болып қалады.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с. Өңір бойынша өрт қаупі жоғары. Ақтауда да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан және шығыстан соққан жел күндіз батыста, солтүстікте және орталықта 15-18 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігі мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында өте жоғары. Ақтөбеде жел екпіні 15 м/с дейін жетеді, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Солтүстігінде өрт қаупі өте жоғары. Алматыда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Қонаев қаласында да түнде жер бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан және шығыстан соққан жел күндіз батыс, солтүстік және шығыс бағытында 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Көкшетауда желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз солтүстік пен шығыста 15-20 м/с дейін жетеді. Батысы, солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал солтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өте жоғары. Оралда түнде және таңертең тұман түседі, өрт қаупі жоғары болып қалады.
Абай облысының батысы мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соққан жел күндіз солтүстік-шығыс пен таулы аймақтарда 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде облыстың батысы, солтүстігі мен таулы аймақтарында 1-3 градус үсік күтіледі. Батысы мен солтүстігінде өрт қаупі өте жоғары, орталығында жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Жел шығыстан соғады, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді. Петропавлда желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с. Павлодарда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысында солтүстік-шығыстан соққан жел батысы, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары, ал оңтүстік-батысында жоғары деңгейде сақталады. Қостанайда желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.