×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Ресейден ондаған қазақстандық депортациялануы мүмкін

Бүгін, 18:35
Ресейден ондаған қазақстандық депортациялануы мүмкін
atameken.kz

Ресейде қазақстандық жүргізушілерге айыппұл салынып, депортациялау туралы қаулылар шығарылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

9 қазанға дейін Ресейдің әртүрлі аймақтарындағы соттарда 31 жүргізушіге қатысты әкімшілік істер қозғалған. Оларға айыппұл салынып, елден шығару туралы шешімдер қабылданған. Мұндай деректерді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынды.

Кейбір қазақстандық жүргізушілер түсініксіз себептермен Ресейдің Бақылаудағы тұлғалар тізіміне енгізілуі жағдайды қиындатып отыр.

РЕСЕЙМЕН КЕЛІСІМ

Бұл айыппұлдар мен депортация қаулылары Ресеймен келісім жасалмай тұрып рәсімделген. Сол келісімге сәйкес, халықаралық тасымалдаумен айналысатын қазақстандық жүргізушілер Ресейдегі жаңа көші-қон шектеулерінен босатылады.

Еске салайық, келіссөздердің нәтижесінде біздің тасымалдаушыларға 90 күндік болу мерзімі туралы норма енді қолданылмайтыны жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген еді.

– Ресеймен жүргізілген келіссөздердің нәтижесі туралы құжаттық бекіту әлі болған жоқ. Қазақстанда ресейлік тараптан ресми растау күтілуде, – деп хабарлады палатаның өкілдері.

31 жүргізушіге қатысты бұрын шығарылған айыппұлдар мен депортация қаулыларының жойылатыны не жойылмайтыны әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары