×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Көлсайға түскен Дуров ереже бұзбаған болып шықты

Бүгін, 19:15
Көлсайға түскен Дуров ереже бұзбаған болып шықты
Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде шомылып жүрген сәті түсірілген бейнежазба жарияланған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕРЕЖЕ БҰЗБАҒАН

Экология министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сүйенсек Дуров ешқандай ереже бұзбаған.

“Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, Көлсай-2 көлінің маңында шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері болмағаны анықталды. Сол себепті бұл әрекетте құқық бұзушылық белгілері жоқ. Кездейсоқ орын алған жағдай аумақтың экологиялық тұрақтылығына әсер етпеген.Аталмыш оқиға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережелері туралы туристерді жүйелі түрде хабардар етудің маңыздылығын көрсетті. Бұл өз кезегінде Қазақстанның бірегей табиғатын сақтауға, сондай-ақ елдің эко және жауапты туризм бағытындағы тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді” – деп жазды министрліктің ресми сайты.

Министрлік Дуровты әрекетін ақтап қана қоймай мақтай да жазды. 

“Сонымен қатар Павел Дуровтың 10 миллионнан астам жазылушысы бар жеке парақшасында жарияланған бейнематериал имидждік сипатқа ие, Қазақстанның табиғи сұлулығын халықаралық аудиторияға паш етті. Мұндай ақпараттық қамту елдің туристік әлеуетін жақсартуға қосылған елеулі үлес” – деді ресми орган.

БҰҒАН ДЕЙІН

Павел Дуров қыркүйекте Астанаға Digital Bridge 2025 халықаралық форумына қатысу үшін келген болатын. Ол өз сөзінде Қазақстаннан қалыңдық іздеу туралы әзіл айтып, кейін қоғам тарапынан сынға ұшырады.

Форумнан кейін ол Алматы облысындағы Көлсай көлінде шомылып, әлеуметтік желіде видео жариялады. Бұл аймақта суға түсуге ресми түрде тыйым салынған. Осыған байланысты ұлттық парк әкімшілігі қызметтік тергеу бастағанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары