×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Президент елден қашып кетті - билік кімнің қолында

Бүгін, 22:40
Президент елден қашып кетті - билік кімнің қолында
Әлеуметтік желіден

Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина жаппай наразылықтар аясында елден кетіп, парламенттің төменгі палатасы – Ұлттық ассамблеяны тарату туралы жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тиісті жарлық 14 қазан, сейсенбі күні Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды. Алайда оның заңдық күші бар-жоғы әзірге белгісіз, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

РАДЗУЭЛИНА ФРАНЦУЗ ӘСКЕРИ ҰШАҒЫМЕН ЕЛДЕН КЕТКЕНІ РАСТАЛДЫ

12 қазанда Радзуэлинаның Мадагаскардан француз әскери ұшағымен ұшып кеткені белгілі болды. RFI радиостанциясының мәліметінше, бұл әрекет Франция президенті Эммануэль Макронмен келісілген.

ОППОЗИЦИЯ: ПРЕЗИДЕНТ ЕЛДЕН ҚАШЫП КЕТТІ

Мадагаскар парламентіндегі оппозиция жетекшісі Ситена Рандрианасолониайко президенттің шетелге қашқанын растады.

«Біз президент әкімшілігіне хабарластық, олар оның елден кеткенін растады», – деді ол Reuters-ке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы армия бөлімшелері наразылар жағына өткеннен кейін елден кетуге шешім қабылдаған.

РАДЗУЭЛИНА: «МЕН ОТСТАВКАҒА КЕТПЕЙМІН, БІРАҚ ЕЛДЕН ШЫҚТЫМ»

13 қазан кешінде Facebook желісінде тікелей эфир арқылы халыққа үндеу жасаған Андри Радзуэлина отставкаға кетуден бас тартатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол елден кеткенін растады және бұл шешімді өмірін қорғау мақсатында қабылдағанын түсіндірді. Қазіргі уақытта оның нақты қайда екені белгісіз. Оппозиция қазір мемлекет басшысына импичмент жариялау рәсімін бастау үшін депутаттардың қолын жинап жатыр.

Серіктес жаңалықтары