×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Олигархтар Клебанов пен Ким тағы да мүлкінен айырылды

Бүгін, 23:10
Олигархтар Клебанов пен Ким тағы да мүлкінен айырылды
Ашық дереккөзден

Петропавл қаласының әкімдігі кәсіпкерлердің меншігіндегі жылу желілерін өз балансына алып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Петропавловск News» мәліметінше «Петропавл жылу желілері» ЖШС-ін қаланың меншігіне беру жоспарлануда. Әкімдік баспасөз қызметі келіссөздер жүргізіліп жатқанын растады, бірақ мәміле туралы толық ақпарат әзірге жарияланбаған.

ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ ОЛИГАРХТАРҒА ТИЕСІЛІ БОЛҒАН

Қазіргі уақытта «Петропавл жылу желілері» АҚ «СЕВКАЗЭНЕРГО»-ға тиесілі, ал бұл компания Орталық Азия отын-энергетикалық корпорациясының (ЦАЭК) құрамына кіреді. ЦАЭК-тің бақылау пакеті кәсіпкерлер Александр Клебанов пен Сергей Канға тиесілі «ЦАТЭК» АҚ-ның қолында.

Әкімдік өкілдері жылу желілерін муниципалдық меншікке беру инфрақұрылымның тозуын азайтуға, тарифтердің өсуін тежеуге және жаңғыртуға мемлекеттік қаражат тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

МӘМІЛЕ ШАРТТАРЫ: ЖҰМЫСШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ САҚТАЛАДЫ

Келісім шарттары бойынша: қызметкерлердің еңбек құқықтары толық сақталады, желілердің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі, кәсіпорынның қарызы болмауы тиіс. Жылу желілерін қала балансына беру 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЕСКІ ҚҰБЫРЛАРДЫҢ ЖӨНДЕЛУІН КҮТЕДІ

«Петропавл жылу желілерін» қаланың балансына қайтару инфрақұрылымды дамытуға серпін береді деген үміт бар.

«Күзде ескі құбырлар айлар бойы жөнделмейтін Петропавлды көргіміз келмейді», – деп жазады аймақтық басылым.

КЛЕБАНОВ ПЕН КАН БҰРЫН ДА ЖЫЛУ АКТИВТЕРІНЕН АЙЫРЫЛҒАН

Клебанов пен Кан бұған дейін де жылу желілеріне қатысты активтерін жоғалтқан. Олар 2022 жылғы коммуналдық коллапстан кейін Екібастұздағы энергетикалық кәсіпорынды әкімдікке небәрі 200 мың теңгеге сатқан. Ол кезде жергілікті ЖЭО-дағы апат салдарынан қаланың бір бөлігі жылусыз қалған болатын. 

Серіктес жаңалықтары