×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

«Есірткі» өсіруге кімдердің құқылы екені белгілі болды

Бүгін, 23:40
«Есірткі» өсіруге кімдердің құқылы екені белгілі болды
Ашық дереккөзден

Қазақстанның төрт қаласында заңды тұлғаларға өнеркәсіптік мақсатта қара сора өсіруге лицензия берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрамында психоактивті зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) жоқ өсімдіктерді тек өнеркәсіптік мақсатта өсіруге рұқсат берді. Лицензияны бес заңды тұлға алды: Астанада – бір, Алматыда – екі, Қарағанды мен Қостанайда – бір-бірден.

ҚАЗАҚСТАНДА ТОЛЫҚ ӨНДІРІСТІК ЦИКЛ ДАМЫТЫЛАДЫ

Қазақстанда қара сораны өсіруден бастап, өңдеуге және түрлі салаларда дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді дамыту жоспарланып отыр. Ресми түрде заңдастыру және тиісті нормативтік актілер қабылданғаннан кейін бұл салаға инвесторларды тарту жұмыстары басталады. Шығарылатын өнім ішкі және сыртқы нарықта сатылатын болады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстан үкіметі өнеркәсіптік мақсатта қарасора өсіруге рұқсат беретін қаулы қабылдаған. 

Серіктес жаңалықтары