×
538.63
622.23
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.63
622.23
6.71

Қазақстанда тұрғын үй жинақ жүйесі өзгереді — сарапшы

Бүгін, 18:10
Қазақстанда тұрғын үй жинақ жүйесі өзгереді — сарапшы
Ulysmedia.kz коллажы

Банктерге мемлекеттік тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысуға рұқсат етілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаржылық кеңесші, finmentor.kz жобасының негізін қалаушы Арман Батаевтың пікірінше, Қазақстанда нарықтық ипотека іс жүзінде жоғалып кетті. Оның айтуынша, бір жағынан нарықтық ипотекаға Ұлттық банктің 18 пайыздық жоғары базалық мөлшерлемесі қысым көрсетсе, екінші жағынан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, ипотека бойынша ең жоғары мөлшерлемені 20 пайыз деңгейінде белгілеуді жоспарлап отыр.

Сарапшының айтуынша, бұл банктер үшін қиындық тудырмайды, олар қаражатты табысы жоғары бағыттарға, мысалы, тұтынушылық несиелерге, РЕПО немесе мемлекеттік бағалы қағаздарға бағыттайды. Алайда мұның зардабын баспанаға шын мұқтаж азаматтар тартады. Дегенмен, Батаевтың пікірінше, нарықтық ипотека болмаған жағдайда тұрғын үй бағасы төмендеуі мүмкін.

– Қазір нарықта тек екеуі бағдарлама – «7-20-30» және мемлекеттік тұрғын үй жинақ жүйесімен жұмыс істейтін «Отбасы банк» қалды. Бірақ «Отбасы банк» басқа банктерді бұл жүйеге кіргізгісі келмейді: банк төрайымы Ләззат Ибрагимова бұл қадам қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер етуі мүмкін деп есептейді. Ең қызығы, ипотекалық мөлшерлемеге 20 пайыздық шектеу енгізуді негіздегенде мырза Сүлейменов те дәл осы – қаржы жүйесінің тұрақтылығын алға тартты. Көріп отырғанымыздай, бізде қаржы жүйесінің тұрақтылығы кез келген шешімге әмбебап сылтау болып барады. Меніңше, түптің-түбінде билік қаржы жүйесінің тұрақтылығынан гөрі саяси тұрақтылықты көбірек ойлайды. Сондықтан, ең ықтимал нұсқа – екінші деңгейлі банктерге мемлекеттік тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысуға рұқсат беріледі, – дейді Батаев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін бірнеше банк ипотека беруді тоқтатқаны белгілі болған еді. 

Серіктес жаңалықтары