×
538.63
622.23
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.63
622.23
6.71

«Барлығы орысша сөйлейді» - «Барыстың» ресейлік бапкері қазақша үйренбейтінін айтты

16.10.2025, 00:05
«Барлығы орысша сөйлейді» - «Барыстың» ресейлік бапкері қазақша үйренбейтінін айтты
Әлеуметтік желіден

Хоккейден «Барыс» клубының бас бапкері Михаил Кравец қазақ тілін үйренудің қажеті жоқ деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“БАРЛЫҒЫ ОРЫСША СӨЙЛЕЙДІ…”

Ресейлік маман өзіне орыс және ағылшын тілдерін білу жеткілікті екенін атап өтті.

– Барлығы орысша сөйлейді, ағылшын тілі де бар. Мен мұнда үлгермеймін. Сонда маған қытай тілін де үйрену керек болар еді. Меніңше, орыс пен ағылшын жеткілікті, бәрі де мұны түсінеді, – деп журналсике жауап берген Кравец. 

61 жастағы Кравец биыл «Барыс» клубының бас бапкері болып тағайындалған.

МИХАИЛ КРАВЕЦ

Михаил Кравец — ресейлік хоккей маманы, қазіргі таңда Қазақстанның «Барыс» хоккей клубының бас бапкері. Ол 1963 жылы 12 қарашада Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) дүниеге келген. Ойыншы ретінде шабуылшы позициясында ойнаған. 2001 жылдан бастап бапкерлік қызметке көшіп, «Спартак» (СПб), СКА-1946, «Серебряные львы», «Сочи», «Куньлунь Ред Стар» клубтарында жұмыс істеген. 2025 жылы «Барыс» клубының бас бапкері болып тағайындалды, келісімшарт бір маусымға жасалған, тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен.

“БАРЫСТЫҢ” ЖАҒДАЙЫ МӘЗ ЕМЕС

«Барыс» хоккей клубының қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. 2025 жылғы маусымда команда Құрлықтық хоккей лигасында (КХЛ) төменгі орындардың бірінде тұр. Соңғы алты ойынның ішінде тек біреуінде ғана жеңіске жетіп, қалған бесеуінде жеңіліс тапқан.

БҰҒАН ДЕЙІН

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліне қатысты мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдиновті сынға алған еді. Ол бір сұхбатында Қазақстанның оңтүстігінен төмен орналасқан елдерде жастар орыс тілінде сөйлемейтінін, сол себепті Ресейге келетін мигранттардың «сапасы төмендеп бара жатқанын» айтқан еді.

Кезінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске “сен француз тілінде сөйлеп отырсың ба?” деген. Осы сөзі қоғамда қызу талқыға түсіп, оны сынағандар көбейді. 

Серіктес жаңалықтары