×
539.56
627.35
6.84
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.56
627.35
6.84

Пәкістан мен Ауғанстан 48 сағатқа бітімге келісті

Бүгін, 08:01
Пәкістан мен Ауғанстан 48 сағатқа бітімге келісті
Фото: 24.kg

Пәкістанның сыртқы істер министрлігі атысты тоқтату режимі екі тәулік бойы күшінде болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бітім екі тарап шекарада болған қарқынды атыстардан кейін бірнеше сағат өткен соң жарияланды. Бұл қақтығыстардың салдарынан ондаған жауынгердің қаза тапқаны туралы екі тарап та мәлімдеді. Екі ел арасындағы қатынастар бір апта бұрын шиеленісіп, соның нәтижесінде өзара соққылар мен атыстар жиілеген. Әсіресе өткен демалыс күндері жағдай ушығып, тараптар бірін-бірі эскалацияға айыптады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы шайқастар салдарынан ондаған әскердің қаза тапқаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары