×
539.56
627.35
6.84
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.56
627.35
6.84

«Менің қазақшам маңызды ма әлде жауап па?»: ҚТЖ өкілі мен депутат айтысып қалды

«Менің қазақшам маңызды ма әлде жауап па?»: ҚТЖ өкілі мен депутат айтысып қалды

Парламенттегі аграрлық комитеттің отырысында теміржол саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Жиында жүк тасымалы тарифтерін көтеру, жылжымалы құрамның дайындығы, өткізу қабілетін арттыру, сондай-ақ астық экспорты кезінде субсидия бөлу мәселелері талқыланды. Дегенмен, негізгі тақырыптардан бөлек, спикерлер жиында тілге қатысты айтысып қалды. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мәжілістегі кезекті жиында мемлекеттік тіл мәселесі тағы да қызу талқыға түсті. «Аманат» партиясының өкілі, депутат Әлтай Аманжол «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкіліне астықты тасымалдау тарифіне қатысты қазақша сұрақ қойды.  Алайда, ҚТЖ өкілі Дайыр Көшеровтің орысша жауап бергісі келгеніне наразылық білдірді.

Сізге мемлекеттік тілде сұрақ қойдым. Иә, байқаймын, қазақша білетін сияқтысыз. Тіліңіз сынған қазақсыз ғой, — деді депутат.

Компания өкілі өз кезегінде:

Иә, бірақ рұқсат болса, орыс тілінде жауап берсем, — деп жауап қатты.

Бұл сөз депутаттың ашуын туғызды.

Неге? Себебі қандай? Ыңғайлы деген болмайды. Сіз, біріншіден, мемлекеттік қызметкерсіз. Ал мемлекетті құрметтеу — мемлекеттік тілде сөйлеуден басталады, — деді Әлтай Аманжол.

Депутаттың бұл сөзі ҚТЖ өкілінің қитығына тиген тәрізді. Ол бірден тіл мен нақты жауаптың маңызын сұрады.

Сізге менің қазақ тілінің деңгейі керек пе, әлде нақты жауап па? — деп сұрақты қарсы қойды.

Осы кезде жиын модераторы Серік Егізбаев араласып, екі тарапты сабырға шақырды. Дегенмен, ол да қазақ тілінде жауап беруін талап етті.

Құрметті әріптестер, мәселені дискуссияға айналдырмайық. Әлекең сізге жаны ашып айтып отыр. Сабырлық сақтап, тырысып көріңіз. Егер техникалық термин болса, басқа тілге ауыссаңыз болады. Бірақ саясатқа айналдырмайық, — деді ол.

Модератордың ескертуінен кейін ҚТЖ өкілі амалсыздан қазақша жауап беруге кірісті. Тілі сәл шорқақ болғанымен, ойын жеткізе алды.

Бұдан өзге Жигули Дайрабаев та есеп беруге келген мамандарды сынның астына алды. Өйткені, спикерлер әрбір қазақша қойылған сұраққа орысша жауап беріп жатты. 

-Атқарушы биліктің тұтқасын ұстап отқан азаматтар, мемлекеттік тілде сөйлеп үйрену керек. Намыс болу керек деп ойлайм. 

Сондай ақ, мәжілісмен ешбір жауапқа көңілі толмағанын айтты. Себебі, берген есепте бәрі жақсы, ал іс жүзінде шешілмеген проблема көп деп ескертті. 

Серіктес жаңалықтары