×
539.56
627.35
6.84
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.56
627.35
6.84

Ипотека қазақстандықтар үшін қолжетімсіз бола бастайды

Бүгін, 18:01
Ипотека қазақстандықтар үшін қолжетімсіз бола бастайды
Коллаж: Ұлысмедиа

Ипотека қазақстандықтар үшін қолжетімсіз бола бастайды. Бұл туралы қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Рысмамбетов базалық мөлшерлеменің 18%-ға дейін көтерілуінен кейін, банктер табыстарын сақтау үшін ипотекалық өнімдер бойынша шарттарын қайта қарайды деп есептейді. 

- Таңертең журналистер неге ипотеканы тоқтатты деп сұрап жатты. Себебі анық – базалық мөлшерлеме 18%-ға өсті. Негізі, мұндай өсім инфляцияны бірнеше айда тежеуі керек. Бірақ бір мәселе бар: енді ипотека шамамен 2,5–3% қымбаттауы мүмкін, әйтпесе банктер, соның ішінде Отбасы банк, табысының едәуір бөлігінен айырылуы ықтимал, – дейді сарапшы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін бірнеше банк ипотека беруді тоқтатқаны белгілі болған еді. Ал 10 қазанда ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға көтерді. 

САРАПШЫ

Сонымен қатар, қаржылық кеңесші, finmentor.kz жобасының негізін қалаушы Арман Батаевтың пікірінше, Қазақстанда тұрғын үй жинақ жүйесі өзгереді

Серіктес жаңалықтары