×
539.56
627.35
6.84
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.56
627.35
6.84

Арзан етті қайдан алуға болады

Бүгін, 20:10
Арзан етті қайдан алуға болады
Ulysmedia коллажы

Сауда және интеграция министрлігі  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство басшысы Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанда отандық тауар өндірушілерден өнім сатып алу көлемі екі есеге арттырылады. Оның пікірінше, бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің арзандауына алып келеді. Сонымен қатар, сауда желілерімен көтерме және бөлшек бағаны бекіту жөнінде меморандумдар жасалады.

Сондай-ақ, Шаққалиев арнайы бағамен ет жеткізу туралы мәлімдеді.

– Бұдан бөлек, арзандатылған сиыр етін тікелей жеткізу ұйымдастырылады – ай сайын еліміздің барлық өңіріне шамамен 18,2 мың тұтас ет жөнелтіледі. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтары мен Мемлекет басшысы қойған міндеттерді ескере отырып, жоспарлы әрі жүйелі түрде жалғасады, – деді ҚР Сауда және интеграция министрі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Жиналыста бензин бағасының өсуіне мараторий жарияланған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік әкімдіктермен бірлесіп ішкі нарықты мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету және бақылау шараларын қабылдауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары