Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарының пікірінше қаржы ұйымдары нарықтағы жағдайды жіті бақылап, клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
УАҚЫТША ҚҰБЫЛЫС
Қазақстандық банктердің ипотекалық несие беруді уақытша тоқтатуы туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл шешім базалық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты қабылданған, бірақ уақытша сипатқа ие болған.
«Банктердің базалық мөлшерлеменің өсуіне берген жауабы уақытша болды. Қазірдің өзінде кейбір банктер өздерінің жеке нарықтық ипотекалық бағдарламаларын қайта іске қосып жатыр. Бұл мөлшерлеменің өсуіне бір реттік реакция болды», – деді ол Мәжілістегі қоғамдық палата отырысында.
ҚНРДА өкілі қаржы ұйымдары нарықтағы ахуалды мұқият бақылап, несие берген кезде қарыз алушылардың қаржылық төлем қабілетін бағалайтынын атап өтті.
«Менің пікірім – банк ипотекалық немесе кез келген басқа несие бергенде, әрдайым клиенттің қаржылық жағдайын бағалайды», – деп толықтырды Қизатов.
ЕСКЕ САЛАЙЫҚ
Шекті мөлшерлеме 20%-ға дейін төмендетілгеннен кейін Halyk және Банк ЦентрКредит секілді бірқатар банктер қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын.