×
537.84
626.85
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.84
626.85
6.79

Тоққа түсіп қалмаңыз: LRT-ға тоқ беріледі

Бүгін, 21:20
Тоққа түсіп қалмаңыз: LRT-ға тоқ беріледі
Ulysmedia коллажы

18 қазан күні сағат 10:00-ден бастап Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің белгілі бір учаскесіне электр кернеуі беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ БЕРІЛЕДІ

Бұл учаске №109 және №111 станциялар аралығында орналасқан («Астана Арена» мен «Сығанақ» аралығы). Максималды кернеу деңгейі — 20 000 вольт.

Қала тұрғындары мен құрылыс бригадаларына қауіпсіздік ережелері ескертілуде:

  • байланыс рельстеріне, кабельдерге және жабдықтарға жақындамаңыздар;
  • рұқсатсыз станция аумағына және жолдарға кірмеңіздер.

Электрмен жабдықтау қосылған — бұл аймақ жоғары кернеу астында.

ТАҒЫ БІР ПОЙЫЗ ШЫҚТЫ

Бүгін City Transportation Systems компаниясы Астанадағы LRT жолына тағы бір пойыздың шығарылғанын хабарлады.

Үшінші пойыз Кабанбай батыр даңғылы бойындағы №104 және №105 станциялар аралығына, «Астана жұлдызы» стелласы маңына орналастырылды. Құрам төрт вагоннан тұрады.

ҚАШАН БАСТАЛАДЫ

29 қыркүйекте Астанада LRT жүйесінің сынақ кезеңі басталды. Бұл кезеңде инфрақұрылымның техникалық дайындығы, қозғалыс қауіпсіздігі және жолаушыларға қолайлылығы тексеріледі. Кешенді сынақтар кемінде алты айға созылады. Алғашқы кезеңде пойыздар №112 және №113 станциялар арасындағы учаскеде қатынайды. Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін LRT жүйесін 2026 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары