×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Мадагаскарда зумерлердің наразылығы: элиталық әскери полковник ел президенті атанды

Бүгін, 09:43
Мадагаскарда зумерлердің наразылығы: элиталық әскери полковник ел президенті атанды
AP

Мадагаскарда әскери төңкеріс болды: мемлекеттегі барлық дерлік билік институттары таратылып, төңкеріс жетекшісі, полковник Майкл Рандрианирина ел президенті ретінде ант берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

DPI агенттігінің мәліметінше, жаңа мемлекет басшысы елдегі билік әскери комитет пен өтпелі үкіметтің қолында шоғырланатынын мәлімдеді. Таратылмаған жалғыз орган — парламенттің төменгі палатасы – Ұлттық ассамблея.

– Мен Мадагаскар Республикасының президенті ретіндегі жоғары міндеттерімді толық, адал және шын ниетпен орындаймын, – деді Рандрианирина ант беру рәсімінде.

Ол сонымен қатар елдің барлық қозғаушы күшімен бірігіп, жаңа Конституция мен сайлау заңнамасын әзірлеуге ниетті екенін атап өтті.

КОНТЕКСТ

Қазан айының басында Мадагаскарда кейінгі 15 жылдағы ең ірі жаппай наразылықтар басталған. Олар тұрмыстық тауарлар мен азық-түлік тапшылығынан басталып, кейін саяси сипат алған. Осы толқулардың аясында CAPSAT элиталық әскери бөлімшесінің командирі Майкл Рандрианирина парламенттің президент Андри Радзуэлинеге импичмент жариялау жөніндегі дауыс беруінен кейін билікті өз қолына алғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары