×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Иран Батыспен жасалған ядролық келісімнен шықты

Бүгін, 18:56
Иран Батыспен жасалған ядролық келісімнен шықты
Pixabay.com

Иран 2015 жылғы ядролық келісімнің күшін жойғанын жариялады. Бұл келісім Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеу және оған қарсы халықаралық санкцияларды алып тастау туралы уағдаластық болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

18 қазанда Иран билігі құжаттың барлық ережесі «жойылғанын» мәлімдеді.

– Бүгіннен бастап келісімнің барлық шарты, соның ішінде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты шектеулер мен оған байланысты тетіктер күшін жояды, – делінген Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

КОНТЕКСТ

Бұл келісім, яғни Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспары (JCPOA) 2015 жылы Иран, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытай арасында жасалған болатын. Оның мақсаты –  Тегеранның атом қаруын жасауына жол бермеу және Батыспен қатынасты жақсарту еді.

2018 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп елін келісімнен біржақты түрде шығарып, санкцияларды қайта енгізді. Бұл қадам келісімнің мәнін жойды. Бұған жауап ретінде Иран өз ядролық бағдарламасын күшейте бастады.

Еуропа елдері келісімді қалпына келтіруге тырысқанымен, келіссөздер сәтсіз аяқталды. АҚШ пен Израильдің маусым айындағы Иран нысандарына жасаған соққыларынан кейін Тегеран МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтату туралы заң қабылдады.

Нәтижесінде Ұлыбритания, Франция және Германия «санкцияларды қайтару тетігін» іске қосты.

Серіктес жаңалықтары