×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Орынбор зауытындағы дрон шабуылы: Қазақстан газсыз қала ма

Бүгін, 14:44
Орынбор зауытындағы дрон шабуылы: Қазақстан газсыз қала ма
donpress.ru

ҚР Энергетика министрлігі Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытында болған апатқа байланысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 19 қазанда «Газпром» зауытына ұшқышсыз әуе аппараты шабуыл жасап, соның салдарынан кәсіпорын Қарашығанақ кен орнынан газ қабылдауды уақытша тоқтатқан.

Қазір зауыттың зақымдану көлемі мен жұмысын қалпына келтіру мерзімі туралы ақпарат ресейлік тараптан әлі түскен жоқ.

Соған қарамастан, министрлік Қазақстанның газбен қамтамасыз етілуі зардап шекпегенін, ел ішінде газ жеткізу қалыпты режимде, ешқандай шектеусіз жүріп жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге Қарашығанақтағы мұнай өндіруге ықтимал әсер мен шығын көлемі кен пайдаланушыларымен бірлесіп талқыланып жатыр.

Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, ресейлік тарап және кен орны операторларымен тұрақты байланыс орнатқан.

АНЫҚТАМА

19 қазанға қараған түні украиналық дрондар Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытына шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан зауыттың бір цехында өрт шыққан, бірақ жарақат алғандар жоқ, деп хабарлады облыс губернаторы Евгений Солнцев.

Сол түні дрондар Самара облысындағы Новокуйбышевск мұнай өңдеу зауытына да соққы берген.

Ал Украинада Днепропетровск облысына жасалған түнгі шабуыл кезінде 10 адам зардап шекті, оның ішінде бір әйелдің жағдайы ауыр деп хабарланды.

Серіктес жаңалықтары