×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

"Асеке, астанавись". Асхат Ниязов әзілі үшін сынның астында қалды

Бүгін, 08:20
"Асеке, астанавись". Асхат Ниязов әзілі үшін сынның астында қалды
esquire.kz

Желі қолданушылары журналист Асхат Ниязовтың You-Tube-тегі әзілін орынсыз деп атап, сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

You-Tube-тегі әзілдеуге арналған жобалардың бірінде журналист әзілкеш Руслан Тай туралы айтқан. 

- Русланның қазақы болғаны соншалық, ол мүшесіне де тақия киіп алған, - дейді Асхат Ниязов. 

ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ

Журналист Диас Нұрақын Асхат Ниязовтың бұл сөзін сынап, қазақтың тақиясына қатысты әзілдегеніне наразы болған. 

- Асеке астанавись, тым қатты кетіп бара жатырсың. Қазақтың тақиясын приколға тығып не көрінді саған? Күлдіремін деп бүлдіріп алдың бәрін.Әкімдердің қыр соңынан қалмай сұхбат алып, репортаж жасайтын Асхат Ниязов деген журналистің не айтып отырғанын қараңыздар. Қазақы тақияны қағытпасына қосып, қорлап отыр. Ресейде туылып, орыстардың ортасында өскен жігіт. Өресі қазақылықты әлі қабылдамапты. Қазақтың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрін сыйламасаң, “Обожаю” деп кімге немесе нені айтып жүрсің?, – дейді Диас Нұрақын (орфография мен пунктуация сақталды). 

Нұрақынның бұл жазбасына пікір жазғандардың дені оны қолдаған. 

Тағы бір Руслан Кенжебаев есімді қазақстандық Ниязовтың әзілі күлкілі емес, ұят дейді. 

- Тақияны әзілдеп, соны “қалжың” деп көрсетіп отыр. Осындайларды невтемщик десе жарасады, бәріне күледі, бірақ ештеңені түсінбейді. Күлкі болсын деп, өз мәдениетіңді қорлау, ол еркіндік емес, рухани кедейліктің белгісі. Кім қазақ отбасында өскен болса, біледі, дәстүрмен, қасиетпен ойнауға болмайды. Әзіл мәдениетпен айтылса жарасымды, ал мәдениетсіздікті күлкіге айналдырсаң, ол енді өнер емес, ұят, – дейді Руслан Кенжебаев. 

Серіктес жаңалықтары