×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

iPhone 13 сатылымға шықты

24.09.2021, 11:59
фото: Ашық дереккөзден

Ресейде iPhone 13 сатыла бастады. Ал Қазақстанда олар қазаннан кейін сатылымға түседі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Алпауыт ретейлерлер мен ұялы байланыс операторларының көбінің мәліметінше, 22 қыркүйек күні басталған алдын ала тапсырыс берудің алқашқы күнінде жаңа модельдерге сұраныс бір жыл бұрынғыдан жоғары болды (ол кезде телефонның алдыңғы түрі болған еді), дейді ТАСС.

Ретейлерлердің дерегінше, алдын ала тапсырыстың біршама бөлігі iPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max «үлкен» модельдеріне түсіп жатыр. Ал iPhone 13 пен iPhone 13 mini шағын модельдері сатып алушыларды азырақ қызықтырады екен.

Мәселен, «Мегафон Ритейл» ақпаратына сүйенсек, алғашқы тәулікте жаңа телефондарға деген алдын ала тапсырыс саны өткен жылғы iPhone 12-ден шамамен үш есе жоғары болды. Ең танымалы - iPhone 13 Pro Max моделі, оларға барлық алдын ала тапсырыстың шамамен 50% тиесілі. МТС ақпары бойынша, үздік комплектациядағы iPhone 13 Pro-ның алғашқы партиясы таусыла бастады.

Серіктес жаңалықтары