×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Жыл соңына дейін Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға шектеу қойылады

Бүгін, 12:25
Жыл соңына дейін Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға шектеу қойылады
Коллаж: Ұлысмедиа

Қазақстаннан сиыр етін (қызыл ет) экспорттауға жыл соңына дейін шектеу енгізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан ірі қара малдың етін (сиыр етін) үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне шығаруға квота енгізу көзделген. Шектеудің мерзімі - 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

МАҚСАТ

Бұл шара елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту және сиыр еті бағасын тұрақтандыру мақсатында қабылдануда.

КОНТЕКСТ

2025 жылғы 20 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықта сиыр еті бағасының өсуі байқалып отырғанын мойындаған. Бұл жағдай тұтынушылардың алаңдаушылығын тудырған еді. Ал 23 қыркүйекте сауда министрлігі ет нарығындағы жағдайға байланысты жедел желіні іске қосқан.

Серіктес жаңалықтары