×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қазақстан экономикасына соққы болуы мүмкін - сарапшы

Бүгін, 18:00
Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қазақстан экономикасына соққы болуы мүмкін - сарапшы
Фото: ОГӨЗ

Орынбор газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) қазақстандық Қарашығанақ кен орнынан келетін шикі газды қабылдауды уақытша тоқтатты. Мұндай шешім зауытқа жасалған дрондық шабуылдан кейін қабылданған. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай Қазақстан экономикасына елеулі әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАЛАМА ЖОҚ

Forbes.kz дерегінше, мұндай тоқтаудың салдарын энергетика саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан үшін Орынбор ГӨЗ-ге балама жоқ.

Қазір «ҚазМұнайГаз» бен «Газпром» бірлесіп құрған «ҚазРосГаз» компаниясы Қарашығанақ кен орнынан шикі газ сатып алу жөнінде ұзақ мерзімді келісімге ие. Жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр газ өңдеу үшін Орынбор зауытына жіберіледі.

- Қазақстанда қуаты 4 млрд текше метр болатын өз газ өңдеу зауытын салу туралы жоспарлар екі жылдан бері айтылып келеді, бірақ іс жүзінде жүзеге асқан жоқ, – деді сарапшы.

ӨНДІРІС КӨЛЕМІ АЗАЯДЫ

Жұмағұловтың айтуынша, шикі газ қабылдаудың шектелуі конденсат өндіру көлемін 25–30 пайызға азайтады.

- Бұған дейін де Орынбор ГӨЗ шикі газды қабылдауды уақытша шектеген жағдайлар болған. Сол кезде тәуліктік конденсат өндірісі орта есеппен 25 пайызға қысқарған, – деді Energy Monitor қорының жетекшісі.

БЮДЖЕТКЕ КЕРІ ӘСЕР ЕТЕДІ

Сарапшының пікірінше, Орынбор зауытының жұмысының тоқтауы Қазақстанның жыл қорытындысындағы өндірістік көрсеткіштеріне және мемлекеттік бюджет кірісіне де әсер етуі мүмкін.

- Әрине, әсер етеді. Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (KPO) – елдегі екінші ірі салық төлеуші компания, – деп атап өтті Нұрлан Жұмағұлов.

Осылайша, Орынбордағы өндірістің тоқтауы Қазақстанның газ экспорты мен конденсат өндіру көлеміне ғана емес, бюджет кірісі мен энергетикалық тұрақтылыққа да қауіп төндіруі мүмкін.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, күні кеше энергетика министрлігі Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытында болған апатқа байланысты ресми түсінік берген еді. 

Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 19 қазанда «Газпром» зауытына ұшқышсыз әуе аппараты шабуыл жасап, соның салдарынан кәсіпорын Қарашығанақ кен орнынан газ қабылдауды уақытша тоқтатқан.

Серіктес жаңалықтары