×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

«Орыстарды қазақ тілін үйренуге мәжбүрлеп жатыр» - Петропавл тұрғыны

Бүгін, 19:15
«Орыстарды қазақ тілін үйренуге мәжбүрлеп жатыр» - Петропавл тұрғыны
Әлеуметтік желіден

Желіде бір бойжеткеннің орыстарды қазақ тілін үйренуге мәжбүрлеп жатқанын, ал Петропавлды Кызылжар деп атайтынын айтып шағымданған видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ЖЕР АУДАРЫП ЖАТЫР...”

Оның айтуынша, Қазақстандағы орыстарға қысым көрсетілуде: қазақ тілін үйренуге мәжбүрлеп, Ресейге «жер аударып» жатыр. Сондай-ақ, Петропавлды Кызылжар деп атау фактісі оны қатты ашуландырған.

– Қазақстанда, Петропавл қаласында ұлттық алауыздық пайда болды, және ол қазақ халқы тарапынан туындап отыр. Instagram-дағы түрлі жазбалар мен пікірлерден, тіпті бүгінгі эфирімде де қазақтардың орыстарды қазақ тілін үйренуге мәжбүрлеп жатқанын байқадым. Немесе Омбы, Түмен секілді ресейлік қалаларға жіберіп жатыр. Жалпы, орыстарды Ресейге көшуге итермелеуде. Сондай-ақ, біздің Петропавл қаласын Кызылжар деп атайды, ал бұл қаланың атауы ресми түрде өзгертілмеген, – дейді бойжеткен.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

Қарағандыда қазақтар туралы бірнеше рет пікір білдірген Алика Мұхамадиеваға қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Қызға ұлтаралық араздықты қоздырды деген бап бойынша нақты жаза тағайындалуы мүмкін.

Жаз айларында Мұхамадиеваның Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары қоғамда үлкен дау тудырған еді. Пайдаланушылардың шағымынан кейін полиция тексеріс бастап, 2025 жылдың шілдесінде Мұхамадиева қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары