×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Ғажайып күтпеңіздер - «Қайраттың» бас бапкері

Бүгін, 19:45
Ғажайып күтпеңіздер - «Қайраттың» бас бапкері
Ашық дереккөзден

«Кайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің сөзінше футболшылардан үнемі жеңіс күтетін қазақстандықтар бұл ойынды мүлде түсінбейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі Кипрдің «Пафос» клубына қарсы ойын қарсаңында жанкүйерлерді «жерге түсуге» шақырды.

– Бізде адамдар футболды мүлде түсінбейді. «Қазір команда келеді де, біз оларды 5:0 есебімен жеңеміз» деп айтуға болмайды. Мұндай сөз айтатындар футболды мүлде түсінбейді. Шынымды айтсам, мұны естігенде күлкім келеді. Кейде адамдар футболды тікұшақтан қарап, соған қарап баға беріп жатқандай әсер қалдырады. Мұнда өте мықты командалар жиналған, біз бұл деңгейге 10 жылдан кейін алғаш рет жетіп отырмыз. Ал сіздер бәрін жеңуіміз керек дейсіздер. Жігіттер, сәл жерге түсіңіздерші, – деді ол.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің үшінші турындағы «Қайрат» – «Пафос» матчы 21 қазанда Алматыда өтеді. Тікелей трансляция Qazaqstan телеарнасында 21:45-те басталады.

Серіктес жаңалықтары