×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Түркістандағы сұмдық: 71 жастағы ер адам 15 жасар қызды жүкті қылған

Бүгін, 21:10
Түркістандағы сұмдық: 71 жастағы ер адам 15 жасар қызды жүкті қылған
Видеодан скриншот

Түркістан тағы да ел назарында. Бұл жолы 71 жастағы ер адам 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдіккке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАҒЫ ДА ТҮРКІСТАНДА...

Түркістан облысында тағы да жаға ұстатарлық жағдай. 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынды.

ӨЗГЕ ЕМЕС, ӨЗ АҒАЙЫНЫ...

Сұмдығы сол қаршадай қызға қорлық көрсетті деген өзге емес, өз ағайын атасы. Жәбір көрген жеткіншектің жүкті екенін ата-анасы жеті айында бір-ақ білген. Ал оны естіген ауыл үлкендері бірауыздан бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр. Желіде тараған видеодан қызыкеңірдек болып дауласқан әйелдерді көруге болады.

Айтуға ауыз бармайтын жағдай Келес ауданында болған. Туысынан қорлық көрді деген бойжеткен биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенімен ата-анасына бөлісе алмаған. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Азғын көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан ағайыны. Немере бағып отырған ол өз кінәсін толық мойындап, қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы бала босанған. 

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы дәрігерге «қуығым ауырды» деп жүгінгенде, оның босануға келгені белгілі болды. Кейін белгілі болғандай, жасөспірім әжесінің күйеуінен жүкті болып қалған. Күдікті 1961 жылы туған, ол қазір қамауға алынып, іс сотқа дейінгі тергеу сатысында. 

Серіктес жаңалықтары