×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

«Картопты жарған» - Бәсекелестікті қорғау агенттігі нені анықтады

21.10.2025, 00:10
«Картопты жарған» - Бәсекелестікті қорғау агенттігі нені анықтады
Ашық дереккөзден

Қазақстанда қаражаттың тиімсіз жұмсалғаны анықталды: тапшылық болмағанына қарамастан, әлеуметтік картоп сатып алуға 5,1 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КАРТОПТЫҢ ӘЛЕГІ

Агенттік өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы бағаны тұрақтандыру тетігін талдады. Нәтижесінде бұл механизмнің тиімсіз жұмыс істейтіні және бәсекелестік қағидаттарының жүйелі түрде бұзылатыны анықталды.

«Бюджет есебінен сатып алынған өнім сауда желілеріне әрдайым жетпеген. Екі жыл ішінде сатып алынған көлемнің тек 19%-ы ғана сатылған, ал 2021 жылы алынған өнімнің бір бөлігі әлі күнге дейін өткізілмеген», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ кейбір өңірлерде қарыз шарттарының орындалмауы және оларды бірнеше рет санкциясыз ұзарту фактілері тіркелген. Бір қарыз алушыға 489 млн теңге берілген, кейін бұл келісім бірнеше рет ұзартылып, қаражат қайтарылмаған. Жалпы сомасы 1,3 млрд теңге болатын қарыздар бойынша да осындай ұзартулар болған. Кейбір субъектілерге пайызсыз жеңілдетілген қарыздар берілген, бұл негізсіз артықшылықтар туғызған.

«Қаражатты тиімсіз пайдалану фактілері анықталды. Баға артық болған кезеңде (қазан – сәуір) картоп сатып алуға 5,1 млрд теңге бөлінген, ал тапшылық кезеңінде (мамыр – шілде), бағаны тұрақтандыру шаралары аса қажет болған кезде, олар қолданылмаған», — деп мәлімдеді агенттік.

Тергеу нәтижесінде бір ӘКК-ге 300 АЕК (1,18 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды, ал басқа корпорацияларға монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны туралы сегіз ескерту жолданды.

Серіктес жаңалықтары