×
538.12
627.02
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.12
627.02
6.65

Журналистке қысым: Азаттық радиосының бюро басшысы өзіне кибер шабуыл жасалғанын айтты

Бүгін, 12:56
Журналистке қысым: Азаттық радиосының бюро басшысы өзіне кибер шабуыл жасалғанын айтты
ulysmedia коллажы

Азаттық радиосының Алматы бюросының басшысы, журналист Қасым Аманжол өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларына шабуыл жасалып, провакация тап болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Қасым Аманжол Facebook желісінде кейінгі жарты айда екі рет кибер шабуылға ұшырағанын жазды. Ол мұны өзінің журналистік қызметімен байланыстырды.

«Түнде ұйықтап бара жатып, беймезгіл қоңыраудан ояндым. Алаңдаған іні-қарындастар екен. Threads деген желіде менің атымнан біреуге хат кетіп, ол адам менің суретімді қойып, түрлі сөздер жазып, балағаттап жатыр екен. Түкті түсінбей, ол желіні қалай ашатынын да білмейді екенмін, парольдерімді ауыстырып, Meta-ға арыз жазып, әбден әуре болдым. Осылайша әлеуметтік желідегі провокацияға соңғы жарты айда екінші рет тап болдым. Біріншісінде, қазанның басында - бірнеше әріптес, экс-әріптеспен қатар көрсетіп, «Азаттық тілшілері аз жалақы алып жүргенде Бюро басшысының Алматыда 950 мың долларлық үйі бар» деп тик-ток, инста, сосын шындық.кз деген жерлерге шуылдатқан еді. Екі жарияланым да - жала. Провокация. Мен мұны адами ар-намысымды таптау үшін кәсіби қызметіме байланысты ашық түрде жасалған арандату деп санаймын», – деп жазды Қосым Аманжол.

Журналистерге жасалған кибер шабуыл

Кейінгі жылдары Қазақстанда журналистерге кибер шабуыл жасау тенденциясы байқалады. Бұған дейін журналистер «Обожаю» жобасының авторы Асхат Ниязов, Ulysmedia жетекші Самал Ибраева, KazTag бас редакторы Әмір Қасенов өздеріне ақпараттық, кибер шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Әкім-министрлердің жұмысын сынап танылған «Обожаю» YouTube-арнасының негізін қалаушы, журналист Асхат Ниязов ақпараттық қысымның құрбанына айналдым деген. Сол уақытта ол бірнеше ай өзі, әйелі және әріптесі Назымгүл Күмісбаеваның кибер шабуылға тап болғанын айтқан. Әлдекімдер әлеуметтік желідегі аккаунттары мен банк шоттарын бұзып, несие рәсімдемек болған.

ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов те өзіне қарсы науқан басталғанын айтқан. Оның сөзінше, өзіне жала жапқан материалдар шетелде тіркелген платформаларда жарияланған.

Осыған ұқсас кибер шабуылға «Ulysmedia» бас редакторы Самал Ибраева да тап болған. Оның жеке деректерін әлдекімдер интим қызмет көрсететін сайтта жарияланған. Осыдан соң телефонына ұятсыз ұсыныстар мен қоңыраулар түсіп, маза бермеген.

Серіктес жаңалықтары