×
538.12
627.02
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.12
627.02
6.65

Air Astana-ны неге қазақстандық азамат басқармайды?

Бүгін, 13:19
Air Astana-ны неге қазақстандық азамат басқармайды?
Коллаж: Ұлысмедиа

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Air Astana компаниясының жаңа бас директоры болып түркиялық азамат Ибрахим Жанлыелдің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жақыповтың айтуынша, шешімді Air Astana директорлар кеңесі қабылдаған, ал компанияның мемлекеттік үлесі «Самұрық-Қазына» арқылы 41%. Қалған бөлігі – жеке және шетелдік институционалды инвесторларға тиесілі.

- Ибрахим Жанлыел Air Astana компаниясында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Оның авиация саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Air Astana брендін қалыптастырған негізгі мамандардың бірі, – деді Жақыпов.

Басқарма төрағасы жаңа тағайындауды ішкі кадр саясатының заңды жалғасы деп атады.

Журналистердің «компанияны басқара алатын қазақстандық мамандар бар ма?» деген сұрағына Жақыпов:

- Бұл – ішкі ақпарат, ол жариялауға жатпайды, – деп жауап берді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Жақыпов Фостер не үшін қызметінен кететінін түсіндірген болатын. 

Серіктес жаңалықтары