Ресей дрондары Чернигов облысына шабуыл жасады, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
РЕСЕЙ ДРОНДАРЫНЫҢ ШАБУЫЛЫ
Ресей армиясы Украинадағы Чернигов облысының Новгород-Северский қаласына Shahed типті дрондармен соққы жасады. Алдын ала мәлімет бойынша, төрт бейбіт тұрғын қаза тауып, жеті адам жараланған.
Қалаға барлығы шамамен 20 Shahed дроны шабуыл жасаған. Қаза тапқандар — екі ер адам және екі әйел. Жараланғандар саны — жеті, олардың арасында 10 жастағы қыз бала бар.
21 қазанға қараған түні РФ армиясы Чернигов облысына дрондармен және зымырандармен тағы шабуыл жасады. Осыдан кейін облыс орталығы толығымен электр қуатынан айырылды.
БҰҒАН ДЕЙІН
АҚШ Сенаты Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасын Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Будапештте өтетін кездесуінен кейін ғана қарайтынын жазған едік.
Бұл туралы Bloomberg агенттігі Сенаттағы республикалық көпшіліктің жетекшісі Джон Тунның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.