×
538.56
625.65
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.56
625.65
6.62

2026 жылы Қазақстан бюджетінде кірістен шығыс көп болмақ

Бүгін, 11:12
2026 жылы Қазақстан бюджетінде кірістен шығыс көп болмақ
Коллаж: Ұлысмедиа

Үкімет отырысында вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның 2026 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерін  таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІРІС БӨЛІГІ

Министрдің айтуынша, 2026 жылы республикалық бюджеттің кірісі 19,2 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл ЖІӨ-нің 10,5%-ын құрайды және 2025 жылмен салыстырғанда 4,7 трлн теңгеге көп.

- Жалпы алғанда, республикалық бюджеттің өзіндік кірістермен қамтамасыз етілуі 2025 жылғы 63,7%-дан 2028 жылы 83,5%-ға дейін өседі, – деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ, Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемі жыл сайын 2 трлн 770 млрд теңге деңгейінде сақталады.

2028 жылға қарай мемлекеттік кіріс 23,2 трлн теңгеге жетеді деп жоспарланған.

ШЫҒЫС

2026 жылы республикалық бюджеттің шығысы 27,7 трлн теңге болады деп болжануда. Бұл ретте Үкімет алдағы жылдары шығыстардың ЖІӨ-ге шаққандағы үлесін төмендетуді көздеп отыр.

2028 жылы шығыстар көлемі 29,8 трлн теңгеге жетіп, ЖІӨ-нің 13%-ын құрайтын болады.

- Мұндай кіріс пен шығыс арақатынасында бюджет өздігінен теңгерімді болып, Ұлттық қордан қосымша мақсатты трансферт тартуды қажет етпейді, – деді министр.

БЮДЖЕТТЕГІ ЖЫРТЫҚ ҚАЛАЙ ЖАМАЛАДЫ?

2026 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 8,5 трлн теңге деңгейінде қалыптасады. Бұл айырмашылық келесі көздер есебінен жабылады:
    •    салықтық емес түсімдер;
    •    Ұлттық қордан түсетін трансферттер;
    •    капитал операцияларынан түсетін кірістер;
    •    сондай-ақ мемлекеттік қарыз алу арқылы.

Осылайша, Қазақстан үкіметі 2026 жылы бюджет тұрақтылығын сақтауды және 2028 жылға қарай өз кіріс әлеуетін арттыруды көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары