×
538.56
625.65
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.56
625.65
6.62

Сүлейменова өзіне айтылған сынға жауап берді

Сүлейменова өзіне айтылған сынға жауап берді
Коллаж: Ұлысмедиа

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде өзіне қатысты айтылып жатқан сынға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің сөзінше, оның педагогикалық еңбек өтілі жиырма жылдан асады. 

- Мектептегі тәжірибесі жайлы 1 жыл деген ақпарат қисынсыз. Жалпы менің педагогикалық еңбек өтілім — жиырма жылдан асады. Осы уақыттың ішінде №139 мектепте жұмыс істедім, сондай-ақ зияткерлік мектептер жүйесінде тоғыз жылдан астам еңбек еттім. Зияткерлік мектептерде методолог ретінде қызмет атқардым, кейін Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептің директоры лауазымына дейін көтерілдім, – дейді министр. 

Ол орталық аппаратта білім беру саясатын айқындау, типтік оқу жоспарларын әзірлеу және оқу бағдарламаларын жетілдіру бағытында жұмыс істедім. Сондай-ақ оқу зертханаларындағы құрал-жабдықтарды оқу процесінде тиімді пайдалану сияқты нақты міндеттемелерді атқарғанын айтады.

- Сондықтан менің еңбек өтілімді «бір жыл ғана» деу — қисынсыз. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарында да оқытушылық қызметтен бастап, жастар ісі және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары қызметтерін атқардым. Бұл да менің білім беру саласындағы жүйелі еңбек тәжірибемнің бір бөлігі, – дейді Сүлейменова, 

Министр мектеп директоры болған кезі туралы да айтты.

- Мектеп директоры болған кезде де сабақ процесінен қол үзген жоқпын — 7–9-сыныптарға дәріс беріп, оқушылармен тікелей жұмыс істедім. Сондықтан педагогикалық қызмет мен үшін тек кәсіби жол емес, сонымен қатар өз ұстанымым мен өмірлік бағытым, – дейді ведомство басшысы. 

ТАҒАЙЫНДАУ

Еске салайық, экс-депутат Жұлдыз Сүлейменова 20 қыркүйекте оқу-ағарту министрі болып тағайындалған

Серіктес жаңалықтары