×
538.53
623.94
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.53
623.94
6.59

БҚО-да жарылған дроннан зардап шеккендер бар ма?

Бүгін, 14:26
БҚО-да жарылған дроннан зардап шеккендер бар ма?
Фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысында дронның жарылуына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тағы да оқыңыздар

ТОЛЫҒЫРАҚ

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР МЕН ШЫҒЫН

Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ. Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады. Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізіліп жатыр, делінген хабарламада. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да дрон жарылғаны хабарланған болатын. Оқиға бүгін таңертең Берлин ауданына қарасты Қызылтал ауылының маңында болған.

Серіктес жаңалықтары