×
538.53
623.94
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.53
623.94
6.59

Ипотека нарығына бұл қалай әсер етеді - шекті деңгей кейінге қалды

Бүгін, 19:10
Ипотека нарығына бұл қалай әсер етеді - шекті деңгей кейінге қалды
Ulysmedia коллажы

Ипотекалар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін 2026 жылғы 1 шілдеге дейін 25% деңгейінде сақтау жоспарланып отыр. Тиісті қаулыны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  мен Ұлттық банк әзірлеуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘЗІР ШЕКТЕМЕЙТІН БОЛДЫ

Агенттік ипотекалық кредиттер мен банк секторының тұрақтылығын сақтау мақсатында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеменің шекті деңгейін 20%-ға дейін төмендетуді уақытша тоқтатты. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі базалық мөлшерлеменің 18%-ға дейін көтерілгенін еске салды. Реттеушілердің бағалауынша, қазіргі экономикалық жағдайда ақшаның құнына байланысты жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеменің төмендеуі нарықтағы ипотекалық бағдарламалардың қысқаруына алып келуі мүмкін.

– Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеменің шекті деңгейін төмендету нормасын тоқтату – ипотекалық кредиттеудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және мөлшерлемелерді есептеудің тәуекелге негізделген әдістемесіне біртіндеп көшуге бағытталған уақытша шара, – делінген хабарламада.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін биылғы қарашадан бастап төмендету жоспарланған болатын. Бұл шара базалық мөлшерлеменің көтерілуімен қатар сарапшылар арасында алаңдаушылық туғызған еді.

Серіктес жаңалықтары