Қарт кісілерге жасанды интеллект туралы жиналыс өткізген Атырау облысының әрекеті Серік Шәпкенов сынға қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖҰРТ СЫНЫНА ІЛІКТІ
Бұл туралы журналист Диас Нұрақын желідегі парақшасында жазды.
“Қайынжұрт қатырыпты. Атырау облысының әкімі вацап пен 2ГИС-тің тілін әрең түсінетін ата-апаларды жинап алып жасанды интеллектіні талқылапты. Клавиатура баса алмайтын, контактілерді сақтай алмайтын қарт кісілерге ЖИ-ді қалай түсіндірді екен? Әйтеуір бізде бәрі науқаншыл. Президент айтты екен деп зал толтырып, фото-видеоға түсіп отчет берсе болғаны жоғарыға” – деп жазды Нұрақын.
Журналист тым құрыса студенттерді жинауы керек еді ғой деп әкімдікті ащы кекесінмен бір түйреп алды.
“ЖИ-дің мүмкіндігін мен әлі мүлде білмеймін. Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың миын қатырғаны нес? Хотя бы студенттерді жинап алып айтпай ма?” – деді журналист.
ЖҰРТ НЕ ДЕЙДІ?
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі журналистің кекесінін іліп әкетсе енді бірі әкімдіктің әрекетін қолдады.
“Алаяқтарға алданушылардың 70 пайызы зейнеткерлер боп жатқан кезде олардың ЖИ туралы сауатын ашқанда тұрған ештеңе жоқ” -деп жазды желі қолданушыларының бірі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Сенат «ЖИ туралы» заң жобасын қарап, бірқатар баптарын толықтыру қажет деп тауып, құжатты мәжіліске кері қайтарған.