×
538.11
623.51
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.11
623.51
6.61

Митинг қарсаңында Қазақстанда ұсталған белсенділердің саны оннан асты

Бүгін, 15:18
Митинг қарсаңында Қазақстанда ұсталған белсенділердің саны оннан асты
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Митинг қарсаңында Қазақстанның түрлі өңірінде ұсталған белсенділердің саны оннан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook желісінде Қазақстан бойынша кемінде 11 адам ұсталып, жетеуі 6-15 тәулікке қамалғанын жазды. Кейбір белсендіге айыппұл салынған. Оларға 488-бабы бойынша «бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу» айып тағылған.

Әкімшілік жазаға тартылғанда арасында 15 тәулікке қамалған көкшетаулық белсенді Назгүл Жүсіпова да бар. Белсенділердің хабарлауынша, ол сот шешімімен келіспейді және қамаудың алғашқы күнінен бастап аштық жариялайтынын айтқан.

Контекст

Бұған дейін шетелде тұратын экс-банкир Мұхтар Әблязов жақтастарын 25 қазанда митингіге шақырған. Әблязов құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын Қазақстан соты «экстремистік ұйым» деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салған. Ізінше «Көше партиясы»ұйымы да елде тыйым салынған ұйымдар қатарына енген. Десе де, Еуропарламент аталған екі қозғалысты «бейбіт оппозициялық ұйым» деп атаған.

Қазақстанда оппозиция бейбіт митинг өткізетінін жариялаған кезде полицияның белсенділерді ұстап, қамауы жиі кездеседі. Полиция әзірге ұстауларға қатысты түсініктеме бермеді.

Серіктес жаңалықтары