Қазақстанда әлеуметтік желілерде ресейлік орындаушы Акмальдің (Akmal’) Петропавлда өткен концертіне байланысты видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Концерт кезінде бір жанкүйер оған сары-көк түсті қаптамаға салынған алкоголь бөтелкесін сыйға тартқан.
– Мына пакеттi өртеп жіберіңдерші, түсі ұнамай тұр, – деді әнші.
Бұл сөз көпшіліктің ашуына тиді.
Видео әлеуметтік желілерде жылдам тарап, қазақстандықтар наразылығын білдіріп жатыр. Көпшілік оны Украинаға қарсы өшпенділікті қоздырды деп айыптап, концерттерін өткізбеуге үндеп жатыр.
Saida Kastaneda есімді Facebook қолданушысы Қостанай мен облыс әкімдігінен концерт ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етіп, ел азаматтарын да бейжай қалмауға шақырған.
– Біздің көк түсті, қазақ туының реңіндей қаптаманы өртеткісі келген адамға елімізде мұндай мінез көрсетуге жол бермеу керек!, – деп жазды желі қолданушылары.
АНЫҚТАМА
Абдулхалитович Ходжаниязов, яғни Akmal’ – Ресей әншісі, ұйғыр ұлтынан шыққан, түбі Түрікменстаннан. Ол «Из-за тебя», «Вдоль дорог» және «По полюшку» әндерімен көпшілікке танылған.
Қазір орындаушы Қазақстан бойынша гастрольдік турда жүр. Қазан айында ол Қостанай, Өскемен және Павлодар қалаларында концерт өткізуді жоспарланған.