×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Алматыда ең көне гимназия ғимаратын бұзып жатыр

Бүгін, 09:47
Алматыда ең көне гимназия ғимаратын бұзып жатыр
Threads

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы №56 мектеп-гимназия аумағынан түсірілген видео тарады. Кадрларда 1928 жылы салынған ғимараттың қасбеті бұзылып, құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Желі қолданушылары кеңестік ампир стилінде салынған сәулет ескерткішінің көз алдында қирап жатқанына наразы.

– Бұл жерге, заманауи бір нысан салынуы мүмкін. Әлемнің кез келген қаласындағыдай бір-біріне ұқсайтын, есте қалмайтын, қаланың өзіндік стилін жойып жіберетін ғимарат пайда болмақ, – деп жазды Threads қолданушысы @katmanjob.

Оның айтуынша, мектеп көлемінің ұлғаюы ауданның көлік жағдайын да күрделендіреді.

– Алматыдағы ең жақсы әрі беделді мектептердің бірі – №56 гимназия. Қаланың тарихын осылай жойып жатыр. Өте өкінішті, – дейді тағы бір тұрғын @kuan_s.

 

 

КОНТЕКСТ

№56 мектеп шамамен жүз жыл бұрын ашылған. 1970 жылы оған қосымша ғимарат салынса, күрделі жөндеу тек 1991 жылы жүргізілген. Білім басқармасының мәліметінше, мектеп 780 оқушыға арналған.

2025 жылдың шілдесінде оқу орнының күрделі жөндеуге жабылатыны хабарланған. Билік өкілдері жобалық-сметалық құжаттама дайын екенін және сараптама қорытындысы оң екенін мәлімдеген.

Жоспар бойынша ғимарат толық реконструкцияланып, жаңа спорт залы салынбақ.

Серіктес жаңалықтары