×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Трамптың арнайы өкілі Қазақстан мен Өзбекстанға келеді

Бүгін, 13:25
Трамптың арнайы өкілі Қазақстан мен Өзбекстанға келеді
ашық дереккөз

26-30 қазан аралығында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серхио Гор және мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау Қазақстан мен Өзбекстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ үкіметінің сайтының хабарлауынша, сапар барысында америкалық өкілдер екі елдің басшылығымен кездесіп, экономика, қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

– АҚШ Орталық Азиядағы серіктестерімен ынтымақтастықты жалғастыруға, екіжақты байланысты нығайтуға және сауда қатынастарын кеңейтуге ниетті, – делінген хабарламада.

Сапар барысында ерекше назар АҚШ пен аймақ елдері арасындағы C5+1 платформасы аясындағы әріптестіктің 10 жылдығын атап өтуге, сондай-ақ екіжақты диалогты одан әрі дамытуға аударылады.

Серіктес жаңалықтары