×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Қазақстанда магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталады
Ulysmedia

28 қазаннан бастап Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау, сондай-ақ докторантураға түсуге арналған құжаттарды тапсыру басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өтініштерді Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2025 жылғы 10 қарашаға дейін жіберуге болады.

Осы мерзім ішінде шығармашылық дайындықты қажет ететін бейіндік магистратура бағдарламаларына түсушілер де құжаттарын тапсыра алады.

Тестілеу қараша-желтоқсан айларында өтеді.

Талапкерлер емтихан тапсыратын қаланы өздері таңдайды және 10 қарашаға дейін өтінішке өзгеріс енгізе алады. Осы күннен кейін деректерді түзету мүмкін болмайды.

Тестілеу күні туралы ақпарат 14 қарашада жеке кабинеттерде жарияланады.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға арналған кешенді тестілеу электронды форматта өтеді және үш блоктан тұрады:

  • шетел тілі бойынша тест;
  • оқуға дайындық деңгейін анықтайтын тест;
  • білім беру бағдарламасының бейіні бойынша тест.

Тест тапсыру уақыты – 3 сағат 55 минут.

Шекті балл – 75 ұпай, оның ішінде шетел тілінен кемінде 25 ұпай, ал әр бейіндік пәннен 7 ұпайдан кем болмауға тиіс.

Бейіндік магистратураға түсушілер тек бейіндік тест тапсырады.

Шекті балл – 30 ұпай, әр пәннен кемінде 7 ұпай жинау қажет.

ДОКТОРАНТУРА

Докторантураға қабылдау емтиханына өтініштер 10 қарашаға дейін қабылданады. Түлектер құжаттарын алдын ала ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына тапсыруға тиіс.

Түсу үшін талап етіледі:

  • ҚАЗТЕСТ сертификаты,
  • шетел тілін білуді растайтын құжат.

TOEFL ITP сертификаты бар үміткерлер негізгі емтихандар басталғанға дейін ағылшын тілінен қосымша тест тапсырады.

Емтихан желтоқсан айында өтеді, ал нақты кесте туралы ақпарат 14 және 27 қарашада жеке кабинеттерде жарияланады.

PhD докторантурасына түсу емтиханы мыналарды қамтиды:

  • сұхбат;
  • эссе;
  • бейіндік сұрақтар.

Ал бейіндік доктор (оның ішінде индустриялық PhD) бағдарламасы үшін емтихан екі бөлімнен тұрады:

  • сұхбат,
  • бейіндік тест.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түсу үшін ең төменгі шекті балы:

  • PhD бағдарламасы үшін – 75 балл,
  • бейіндік докторантура үшін – 50 балл.
Серіктес жаңалықтары