×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Қазақстан СІМ: АҚШ өкілдері келесі аптада Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бүгін, 17:15
Қазақстан СІМ: АҚШ өкілдері келесі аптада Қазақстанға ресми сапармен келеді
Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі алдағы аптада АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдерінің елімізге сапары жоспарланғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Атап айтқанда, Қазақстанға АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серхио Гор мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау келеді.

Кездесулер барысында тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылайды. Негізгі назар қазақ-америкалық саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады.

Сонымен қатар сапар аясында C5+1 форматындағы (Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық платформасы) өзара іс-қимылды тереңдету мәселесі де күн тәртібінде тұр.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл сапар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара құрмет пен сенімге, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық серіктестіктің тұрақты сипатын тағы бір мәрте дәлелдейді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін 26-30 қазан аралығында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серхио Гор және мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау Қазақстан мен Өзбекстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары