Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиені Данадил Жапаровтың тойын резиденциясында өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Үйлену тойы 25 қазанда «Ала-Арча» кешенінде, №1 мемлекеттік резиденцияда болған. Президент әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме бермеген.
24.kg агенттігінің хабарлауынша, тойға шағын адамдар тобы келген. Қонақтарға ұялытелефон мен жазба құрылғыларын пайдалануға тыйым салынған.
Садыр Жапаровтың отбасы тойдың барлық шығынын өз мойнына алған.