Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбеде бес баланың анасын мәжбүлі түрде психиатриялық ауруханаға жабу ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
ДСМ адамның психикалық денсаулығы – уақыт өте өзгерістерге ұшырайтын, әртүрлі факторлардың: әлеуметтік, отбасылық, өмір салтына байланысты, жеке ресурстардың, қосалқы аурулардың, ем мен оның тиімділігінің, стресс факторларының және басқа да ықпалдардың әсеріне бейім динамикалық жүйе екенін атап өтті.
- Психиатр дәрігер қойған диагноз нақты сәттегі клиникалық көрініске, бақылау мен зерттеп-қарау нәтижелеріне сүйене отырып, пациенттің дәл сол кезеңдегі жағдайын көрсетеді. Бұрын қойылған диагноз бен кейінгі қорытындының арасындағы айырмашылық оларды өзара жоққа шығаратын жағдай ретінде қабылданбауы тиіс. Егер пациенттің жағдайы белгілі бір уақыт аралығында өзгеріске ұшырағанын ескерсек, екі қорытынды да бір мезгілде дұрыс болуы мүмкін, дейді ДСМ өкілдері.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе қаласында бес бала үндеу жасап көмек сұраған болатын. Сол сәтте бір үйдің бес баласы Ақтөбе қаласындағы “Аяла” балалар орталығында тұрып жатқан еді. Себебі олардың сөзінше, аналарын туысқан апалары жындыханаға мәжбүрлеп апарып тастаған.
23 қазанда бес баланың анасына қатысты сараптама нәтижесі шықты.