×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Жеңіс Қасымбек отставкасы туралы сұраққа жауап берді

Бүгін, 11:37
Жеңіс Қасымбек отставкасы туралы сұраққа жауап берді
Коллаж: Ұлысмедиа

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Астана әкімі Жеңіс Қасымбек вице-премьер қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл жөнінде әкім «Нұра» ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кездесу барысында тұрғындардың бірі әкімнен:

- Шынымен де сіз жақын уақытта елорда әкімі қызметінен кетіп, вице-премьер боласыз ба? — деп сұрады.

Бұл сұраққа Жеңіс Қасымбек қысқа жауап берді:

– Өзіңіз дұрыс айттыңыз, бұл тек сыбыс. Сыбысқа түсініктеме беру дұрыс емес, – деді әкім.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК

Жеңіс Қасымбек атап өткендей, Астана бүгінде қазақстандықтар үшін тартымды қалаға айналғанымен, оның мүмкіндіктері шектеулі. Елдің түкпір-түкпірінен жақсы өмір іздеп көшіп келушілер саны жыл сайын артып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында елордадағы халықтың шамадан тыс көбеюіне ерекше назар аударған болатын. Ол қала ресми тіркелген тұрғындар санынан әлдеқайда көп адамға қызмет көрсетіп отырғанын сынға алған.

Мемлекет басшысы мұндай жағдайдың себебін де атаған — өңірлердегі акимдердің әлсіз жұмысы мен халыққа жағдай жасай алмауы. Соның салдарынан елордаға қоныс аударушылар саны көбейіп, әлеуметтік қолдау шығындары бюджеттік кірістерден тез өсіп, мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелердің үлесі қауіпті деңгейге жақындап қалған.

Бұл мәселелер президент пен Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің соңғы кездесуінде де талқыланды. Ақорда таратқан хабарламада кездесудің басты тақырыбы елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы екені айтылған.

Әдетте өңір әкімдерінің есептері тек «жақсы көрсеткіштермен» шектеліп, нақты жағдайды ашып көрсете бермейді. Алайда бұл жолы әкім мен президенттің әңгімесі ашық әрі шынайы болғаны атап өтілді.

 Ulysmedia.kz Астана әкімі Қасымбектің өз жоспары мен уәделерін қалай орындап жатқанын қарастырып көруді ұйғарған еді. 

Серіктес жаңалықтары