×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Шаруалар субсидия алу үшін жоқ малды бар деп көрсеткен

Шаруалар субсидия алу үшін жоқ малды бар деп көрсеткен
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда мал санағын тексеру кезінде миллиондаған малдың іс жүзінде жоқ екені анықталды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, ветеринарлық база деректерінен 2 миллион ірі қара мен 3 миллион бас ұсақ мал тіркеуден алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомство дерегінше, санда бар, санатта жоқ төрт түлік мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Мал санын қосып жазуға, әсіресе жеке қосалқы шаруа­шылықтары бар ауыл тұрғындары үйір болып шықты.

- Біз тіркеуде тұрған малдың ішінде биологиялық тұрғыдан тірі емес, яғни жасы келген немесе ешқандай ветеринарлық шарадан өтпеген жануарларды анықтадық. Мұндай малды біз жоқ деп таныдық. 2 миллион ірі қара мен 3 миллион ұсақ малдың барлығы да шаруашылық халықтың үлесіне тиесілі, яғни жеке қосалқы шаруашылықтарға жатады. Ал біздің ережелер бойынша, олар субсидия алу құқығына ие емес,— деді вице-министр. 

Кей жағдайларда ветеринарлар сойылған малды базаға енгізбеген, ал ол кейін басқа адамның атына қайта тіркеліп отырған. Соның салдарынан статистикада мал саны бірнеше есе артық көрсетілген.

Бұл жағдай елдегі мал есебі мен субсидиялау жүйесінде үлкен сәйкессіздіктердің болғанын көрсетті. Қазір Ірі қараны сәйкестендіру жүйесіне өзгерістер енгізілді. Енді малдың сойылғаны тіркелмейінше, ветеринарлық анықтама берілмейді, ал тіркеусіз жазбалар автоматты түрде жойылады.

Билік мұндай шаралар арқылы мал есебін нақтылап, субсидияны тек шын иесіне бағыттауды көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары