×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

"Қазақстан сатылмауы керек": АҚШ пен Қытай арасындағы ресурс тартысы күшейді

Бүгін, 18:55
"Қазақстан сатылмауы керек": АҚШ пен Қытай арасындағы ресурс тартысы күшейді
rutube.ru

АҚШ пен Қытай алғаш рет Қазақстандағы сирек металл – вольфрам кен орны үшін ашық бәсекеге түсті. Сарапшылардың айтуынша, бұл тек бизнес мүддесі емес, стратегиялық үстемдік мәселесіне айналып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шығыстанушы әрі саясаттанушы Жанат Момынқұловтың айтуынша, Қытай Батыстың қазақстандық ресурстарға қол жеткізуіне жол бермеуге тырысады.

- Бейжің үшін біздің сирек кездесетін ресурстар – бұл тек шикізат емес, стратегиялық ықпал тетігі. Осындай жағдайда ресми Астана өз мүддесінен айнымай, ұлттық саясатқа сай әрекет етуі қажет, –  дейді ол qaz365.kz-ке берген пікірінде.

Момынқұлов Қазақстанның басты міндеті – ресурстарды сату емес, келісіп саудалау екенін атап өтті.

- Ең бастысы - Қазақстан сатылмауы керек, ол өз орнын саудалай білуі тиіс. Біз келісімшарттар үшін емес, болашақтың геосаяси архитектурасына қатысу үшін әрекет етуіміз қажет. Ел ресурстарға қолжетімділіктің форматын өз бетінше анықтап, сол арқылы өз индустриясын қалыптастыруы тиіс, – дейді сарапшы.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Ulysmedia.kz Дональд Трамптың командасы Пентагон үшін қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісінде пайдаланылатын қазақстандық вольфрам кен орындарына қызығушылық танытқанын жазған еді. Әңгіме Қарағанды облысындағы стратегиялық нысандар туралы болып отыр.

Серіктес жаңалықтары